Түркиядағы қазақтар жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесті

Түркиядағы қазақтар жер сілкінісінен зардап шеккендерге азық-түлік, жылы киімдер секілді қажетті заттар жіберіп жатыр.

Бұл іске Қазақстанның Бас консулдығынан бастап белсенділер, студенттер, жергілікті қазақ диаспорасы жаппай жұмылды. Бұдан бөлек қазіргі уақытқа дейін 160 мың АҚШ доллары шамасындағы қаржы жиналып, жөнелтілді. Бас консул Әлім Байел Ыстамбұлдағы қазақтарға алғыс білдірді.