Мемлекет басшысы бірнеше облыс әкімін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында әуелі Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев болды.

Былтыр Маңғыстау облысында құны 25 млрд теңгені құрайтын 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылған. Өңір экономикасына тартылған инвестиция көлемі 15 пайыздан асты. 12 ауылға су құбыры тартылды. Облыстағы ауызсу тапшылығын кезең-кезеңімен шешу үшін 2025 жылға дейін 9 жоба жүзеге асырылады.

Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облысының әкімі

Түркістан облысында өткен жылы ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі алғаш рет 1 триллион теңгеден асқан. Салаға 75 миллиард теңге инвестиция тартылды. Биыл 25 елді мекенге ауызсу құбыры тартылады. 56 елді мекен табиғи газ құбырына қосылып, 47 ауылдың электр желісі жаңартылады. 20 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Ауылдық жерлерде 49 медицина нысаны салынады.

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларында құны 160 миллиард теңге болатын 62 инвестициялық жоба іске асырылады. Президентке көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстары туралы да ақпарат берілді. Облыс әкімі өңірде 650 шақырым жол жөнделіп, 300 мың шаршы метр тұрғын үй салынатынын жеткізді.

Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

Ал Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Президентке тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен әлеуметтік салаларда атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйі, инвестиция тарту, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқыны туралы мәлімет берді. Аймақта 53 ірі жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде 12 мың жұмыс орны пайда болмақ. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге былтыр өңірлерге жұмыс сапары барысында берген тасырмалары уақытылы әрі сапалы орындалуға тиіс екенін айтты.