Түркияға қосымша көмек жіберу туралы тапсырма берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға қосымша гуманитарлық көмек жіберу жөнінде Үкіметке тапсырма берді.

Жер сілкінісі болған аудандардағы зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да ең қажетті заттар жіберіледі.