Мемлекет басшысы Қазақстан агроинновациялық корпорациясына барды

Мемлекет басшысы Көкшетаудағы Қазақстан агроинновациялық корпорациясына барды.

Бұл жерде трактор, комбайн, экскаватор, шөп шабатын және жинайтын машиналар, тырма, тіркеме, жүк тиегіштер сынды техника шығарылады. Корпорацияда 300-ге жуық адам жұмыс істейді. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев 5 жыл ішінде өңдеу өнеркәсібі 2,6 есе, машина жасау 3,2 есе, ауыл шаруашылығы техникаларын жасау 6,9 есе артқанын айтты. Президент машина жасау кәсіпорындарының басшыларымен өндірісті өркендету жөнінде пікір алмасып, Үкімет тарапынан осы салаға қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.