Cайлауға қатысты тұрғындардың пікірі қандай?

Жұрт саяси науқан жайында не біледі? Әлеуметтік сауалнамаға қатысқан елордалықтардың пікірін тыңдап көрейік.

Блиц:

- Барасыз ба? Иә, әрине қатысамын. Не себепті барып, дауыс бересіз? Әр дауыс маңызды. Сол үшін барамыз міндетті түрде.

- Ел болашағы үшін мен дауыс беруге барамын.

- Еліміздің болашағын ойлап, облыс депутаттарына дауыс беру үшін.

- Барамын, әлбетте. Қандай себеппен не үшін барасыз? Менің ойым, әр адам қатысу керек деп ойлаймын.

- Балалардың болашағы үшін, дауыс береміз. 

- Өзіміздің азаматтық құқығымызды пайдалану үшін барамыз. Не күтесіз? Жақсылық күтеміз. Отанымыз көркейе берсін.

- Сайлау туралы не білесіз? Мәжіліске депутаттарды сайлайды. Соны мен қазір интернеттен қарап жатырмын, қандай кандидаттар қатысатынын, бағдарламаларын.