Respublica партиясының өкілдері Жетісу облысына барды

Respublica партиясы сапарын жер жәннаты Жетісуда жалғастырды.

Республикашылар мінген автобус әуелі Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзекке тоқтады. Партия өкілдері халықпен кездесіп, тұрғындарға өз бағдарламаларын таныстырды. Жиынға келушілер көкейкесті мәселерді көтеріп, оған дер кезінде жауап алды. Партия өкілдері кейін облыс орталығы Талдықорғанға табан тіреп, бас штабқа барды. Облыстағы өзекті тақырыптармен жақын таныса отырып, қала тұрғындарымен де кездесті. Мыңнан аса адам жиналған шарада саяси ұйым өкілдері сайлауалды бағдарламасын баяндап, сайлау науқанының маңыздылығына кеңінен тоқталды.

Динара Шүкіжанова, Respublica партиясының тең төрағасы:

- Әрине өңірдегі тұрғындар мен қаладағылардың көтеретін мәселесі мен қоятын талабы әртүрлі. Бүгін біз өзімізге қажетті және маңызды жәйттерді ескердік. Науқан барысында әр облысты қамтуға тырысамыз.