«Байтақ» партиясы штабының жұмысы қыза түсті

Сайлау дүбірі сезіліп, саясат сеңі қозғалғанда «Байтақ» жасылдар партиясының республикалық штабында жұмыс қыза түсті.

Өткен екі күндегі жұмыстар пысықталып, сайлаушылар тарапынан түсіп жатқан сұрақтар сараланды. Өңірлерде де бұл бағыттағы іс-шаралар кестеге сай жүргізіліп жатыр. Халықпен кездесулер ұйымдастырылып, саяси құрылым сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары түсіндірілуде. Аймақтық штабтарға үгіт-насихат материалдары толығымен жеткізілген. Әр облыста халық санына байланысты 200-ге жуық волентер жұмысқа тартылған. Айта кетейік, саяси құрылым партиялық тізім бойынша Мәжіліс сайлауына 18 кандидат ұсынып отыр. Бір мандаттық округ бойынша 3 үміткер бақ сынайды.

Қайрат Айтбай, "Байтақ" жасылдар партиясы республикалық штабының басшысы:

- Заңға сәйкес, өздернің үгіт-насихат материалдарын таратып жатыр. Халық оны жақсы қабылдап жатыр. Біз аралап жүргенде байқағанымыз осы болайын деп жатқан алдымыздағы тарихи сайлау науқанына өте жауапкершілікпен қарап отырғанын байқадық. Сайлау болатынын біліп отыр, қандай сайлау болатынын біліп отыр.