Мемлекет ауылға айрықша көңіл бөледі

«Мемлекет ауыл тұрғындарының табысы мен тұрмыс сапасын арттыруға айрықша көңіл бөледі». «Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэрді қабылдау кезінде Президент осылай деді.

Сосын ауыл халқының еңбек өнімділігі мен жұмыспен қамту көрсеткішін еселеуде бизнес-қоғамдастықпен бірлесе әрекет ету қажет екенін айтты. Өз кезегінде Иван Сауэр Мемлекет басшысына отандық ауыл шаруашылығы ғылымын кешенді түрде жаңғырту туралы ұсыныстары мен ауылдық аумақтарды дамытуға қатысты көзқарасын жеткізді.