«Байтақ» партиясының кандидаттары Шымкенттің жылу орталықтарында болды

«Байтақ» партиясының белсенділері шырайлы Шымкент шаһарында.

Республикалық штаб пен филиал басшылығы бүгін қала тұрғындарымен кездесті. Содан кейін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қарасты бірқатар кәсіпорында болды. Үшінші және әкімшілік іскерлік ауданды жылумен қамтып отырған қазандықтарға ат басын бұрып, қызметкерлермен жүздесті. Партия тұғырнамасының негізгі бағыттары түсіндірілді. Қаладағы ірі қуат жылу орталығына қазір 28 қазандық қарайды. Жалпы мұнда 800-ден астам адам жұмыспен қамтылған. Айта кетейік, Шымкент шаһары бойынша Мәжіліс депутаттығына партиялық тізім бойынша 1 кандидат ұсынылған. Бір мандатты округтер бойынша 1 үміткер бақ сынайды. Қалалық мәслихатқа 8 адам ұсынылып отыр. Тағы бір кандидат можаритарлық жүйе бойынша сайлауға түседі.

Асқар Бөлешов, Қуат жылу орталығының қызметкері:

-Партия қызметкерлері келіп, бағдарламасымен таныстырып, толыққанды түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Барлығы түсінікті, барлығы ашық. Кезедсуіміз еркін диалогта өтті. Қарапайым, жалпақ тілде сұрақтар қойылды. Толыққанды жауаптар алынды.