Ресейге салынған санкциялардың «салқыны» елімізге тимейді

Ресейге салынған санкциялардың «салқыны» Қазақстанға тимейді.

Өйткені еліміз АҚШ-тың санкциялық режимдерінің талаптарын сақтауға бейіл екенін бұрыннан білдіріп келеді. Бұл туралы Вашингтондағы Қазақстан елшісі Ержан Ашықбаев айтты. Жалпы еліміз теріскейдегі көршімізге салынған санкцияның әсерін азайту үшін АҚШ-пен бірнеше мәрте кеңес өткізді. 

Нұрбек Бекен, тілші:

- Ресей мен Украина арасындағы шиеленістен соң Батыс елдері Мәскеуге санкция күшейтті. Соның ішінде АҚШ-тың Ресейге бағытталған санкциялық қысымы айтарлықтай әсерін тигізіп отыр. Ал оның Қазақстанға әсері қандай? АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елші Ержан Ашықбаевтың айтуынша еліміз жанама санкциялар болдырмау үшін әлден әрекет етіп, америкалық тараппан тығыз жұмыс істеп жатыр. Өйткені Қазақстан мен Ресеймен арасындағы тығыз сауда экономикалық байланыстарға негізделсек, теріскейдегі үлкен көршіге жасалған  халықаралық санкциялар Қазақстанға тікелей әсер етеді.

Ержан Ашықбаев, ҚР АҚШ Төтенше және өкілетті Елшісі:

- Санкциялық мәселе алдыңғы қатарға келген тұстан бастап біз америкалық әріптестерімізге бірден саяси ұстанымымызды нық, анық түрде жеткіздік. Жалпы американдық әріптестірдің айтуынша Қазақстан үкіметінің осы санкциялық мәселелерге қатысты айқын және өте белсенді ұстанымының арқасында біз көптеген мәселелердің бетін ашып қана қоймай сәтті түрде шешіп келеміз.

Нұрбек Бекен, тілші:

- Әрине Қазақстан әлемдік экономиканың бір бөлігі және халықаралық жүйенің жауапты мүшесі болғандықтан, АҚШ-тың санкциялық режимінің талаптарын сақтауға бейіл екенін бұрыннан білдіріп келеді. Сондықтан, елші Ержан Ашықбаевтың айтуынша біздің мемлекет арқылы санкциялардан айналып өтуге жол бермеу аса маңызды. Осы бағыттағы Қазақстанның ұстанымы ұлттық экономиканы қайталама санкциялардан сақтаудың басты жолы болып отыр. 

Әрине ешкімді ренжітіп алмайтындай форматта жұмыс істеп жатырмыз. Cоның ішінде практикалық тұрғыда біраз мәселе шешілді. Мәселен, азаматтарымыздың құқын қорғау мақсатынды кезіндегі Альфа банк БЦК-ның құрамдас бөлігі болып кетті. Ал Сбербанк қазір Береке-банк болып жұмысын жалғастыруда. Оның санкциялық тізімнен шығуына да Вашингтондағы елшілік атсалыспақшы. Тиісті шешім алдағы наурызда шығып қалуы мүмкін дейді Ержан Ашықбаев.

Нұрбек Бекен