Энтони Блинкен Мұхтар Тілеубердімен кездесті

Елімізге ресми іссапармен келген Энтони Блинкен Премьер-министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті.

Астанада Блинкеннің қатысуымен өтетін С5+1 форматындағы жиында Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы экономика, энергетика, қоршаған ортаны қорғау және лаңкестікпен күрес салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау жоспарланып отыр. Онан әрі Энтони Блинкин қазақ ұлттық өнер университетіне ат басын тіреді. Мәртебелі мейманды мұнда білім ордасының ректоры, халық әртісі, профессор Айман Мусаходжаева бастаған ұжым қарсы алды. Кездесу барысында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы қазақ халқының мәдениетінде маңызды орын алатын дәстүрлі музыкалық аспаптар туралы ақпарат алып, олардың ерекше үнін тыңдады. Өзі де өнерден кенде емес Энтониге өнер ошағының ұжымы  тығыз жұмыс кестесіне қарамастан  арнайы уақыт бөліп келгеніне алғыс білдірді.