4 наурызда қазақстандықтар өздерін сайлаушылар тізімінен тексере алады
Ертеңнен бастап Парламент және мәслихат депутаттарына дауыс берем деген қазақстандықтар өзінің сайлаушылар тізімінде бар-жоғын тексере алады.
Бұл туралы бүгін "Адал сайлау үшін" штабының мүшелері хабарлады. Заңгерлердің айтуынша, мемлекеттік база негізінде құрылған тізім дайын. Бірақ қандай да бір қателіктерге жол бермеу үшін саяси науқанға 15 күн қалғанда азаматтарға осындай мүмкіндік беріліп отыр. Олар өзі жайлы мәліметтерді Телеграм бот, Веб портал, хабарласу орталығы арқылы біле алады. Қандай да бір себеппен тіркелген жері бойынша дауыс бере алмайтын азаматтар наурыздың 18-іне дейін, есептен шығу куәлігін алуға міндетті. Тұратын мекенжайын өзгерткендер үшін де, дауыс беруге жағдай жасалады.
Думан Жампейісов, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының электоралды оқыту орталығының басшысының орынбасары:
- Егер тұрақты немесе уақытша тұрып жатқан жерінде меншік иесі оны тіркеуден шығарып тастаса, сайлау күні ол сол сайлау учаскесіне келіп, сонда мекенжай бойнша тіркеліп, дауыс бере алады. Сондықтан сайлаушыларға олардың дауыс беруге конституциялық құқығын жүзеге асыруға барлығы жасалған.