ОА мен Моңғолия өлім жазасынан азат аймақ болып жариялану мәселесін талқылады

Орталық Азия елдері мен Моңғолия бірлесіп өңірді өлім жазасынан азат аймақ деп жариялау мәселесін талқылады.

Келіссөз Женевада өтіп жатқан БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңестің 52-сессиясы аясында өтті. Тараптар өз елдерінде осы процессті жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті. Қазір әлемде 100-ден астам ел өлім жазасынан бас тартқан. Қазақстанда да өлім жазасына тыйым салынған.

Рут Дрейфус, өлім жазасына қарсы халықаралық комиссияның вице-президенті:

- Мен Орталық Азия мен Моңғолияда өлім жазасынан азат аймақ құруға күш салып жатқан Қазақстанға алғыс білдіремін. Жазаның бұл түрін қолданудан бас тартқан елдердің мұндай қадамы мәселені бірлесіп шешудің маңызды екенін айғақтайды.