Ақтөбе облысында сайлауға байқаушы ретінде алты ұйым тіркелген

Ақтөбе облысында алдағы сайлауға байқаушы ретінде қатысу үшін 6 ұйым тіркелген.

Тағы 3 бірлестіктің өтінішін құзырлы орган өкілдері тексеріп жатыр. Дауыс беретін тұрғындар тізімі өңірдегі учаскелерге 26 ақпан күні табысталған. Қазір сайлаушылар тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелген учаскесін тексере алады. Облыста барлығы 525 дауыс беру орны бар. Бүгін өңірде орталық сайлау комиссиясы өкілдері семинар-сабақ ұйымдастырып, алдағы саяси науқанның заңды өту тәртібін түсіндірді. Шараға лауазымды тұлғалардан бөлек саяси партиялар, жергілікті атқарушы билік өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдары да шақыртылған.

Әйгерім Тәжиева, ҚР орталық сайлау комиссиясының электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі:

- Негізі біздің семинарымыз екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі ол сайлауға байланысты барлық ұйымдастырушылық сұрақтар қарастырылады. Ал екінші бөлімде біз тренинг өткіземіз. ОЛ тренингке тек сайлау комиссиясы мүшелері қатыса алады.