Өкілеттілігін тиісті атқармаған саяси қызметшіні жұмыстан шығару институты енгізіледі

Өз өкілеттілігін тиісінше орындамаған саяси қызметшіні сенімін жоғалтуына орай жұмыстан босату институты енгізіледі.

Мұндай босату туралы шешім тек Мемлекет басшысымен ғана қабылданады. Институт Президент әкімшілігінің тапсырмасы бойынша құрылады. Бұл мәселе бүгін Сенат отырысында сөз болды. Тиісті заңға өзгерістер енгізу көзделген. Мемлекеттік қызметтегі басшылар мен орындаушылар санын реттеу керек деді мамандар. Кей мекемелерде басшылар саны орындаушылардан да көп. Сондықтан Мемлекеттік қызмет істері агенттігі олардың санын реттеуді қолға алуды ұсынды. Еске салайық, осы сағатта Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» талқыланып жатыр.