ОСК төрағасы Ислам ынтымақтастығы ұйымының делегациясымен кездесті

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Ислам ынтымақтастығы ұйымының делегациясымен кездесті.

Ұйым өкілдері елдегі сайлау процестерін байқауға алғаш рет қатысып отыр. ОСК төрағасы сайлау комиссиялары сайлаудың ұлттық заңнамаға және халықаралық стандарттарға сәйкес өтуі үшін барлық шараларды қабылдап жатқанын атап өтті. Мұнан соң Нұрлан Әбдіров Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін қабылдады. Бұл жолы Қазақстанға көрші елдің Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Николай Булаев келген. Ол Парламент мәжілісінің сайлауында өзін-өзі ұсынып мандат бұйырғандарға зор жауапкершілік артылып отырғанын атап өтті.

Николай Булаев, РФ Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

- Өзін-өзі ұсыну деген бұл кандидат үшін ең ауыр жол. Себебі оны таңдаған адамдар өз кандидатынан сайлау алды бағдарламасын орындауын жіті талап етеді. Бұл ретте  қарапайым халықтың саяси белсенділігі жоғары болуы тиіс. Әрі тиісті бастама қоғамды өзгертуге ықпал ететін жақсы қадам деп есептеймін.

Сэид Шейх Сэид Хассан Шариф , ИЫҰ бас хатшылығы Саяси департаментінің елшісі:

- Ислам ынтымақтастығы ұйымы беделді халықаралық ұйым екенін білесіздер. ҚР Үкіметінің ресми шақырымен келіп отырмыз. Ертеңгі маңызды оқиғаны халықаралық байқаушы ретінде мұқият қараймыз. Бұл біз үшін зор мәртебе. Саяси науқанға қатысуымыздың өзі біздің Қазақстан мемлекетіне деген қолауымызды білдіреді.

Ал ОСК хатшысы  Мұхтар Ерман, Жерорта теңізі Парламенттік Ассамблеясының  өкілдерімен кездесті.  Оларға сайлау тізіміне енген Қазақстан азаматтарының саны мен халықаралық байқаушыларды аккредиттеу қорытындылары туралы ақпарат берілді.