ЖСДП төрағасы өз таңдауын жасады

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рахымжанов номері 158-ші сайлау учаскесінде өз таңдауын жасап, Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, саяси ұйым атынан Мәжіліс депутаттығына 19 кандидат ұсынылып отыр.

Асхат Рахымжанов, ЖСДП төрағасы:

- Сайлауалды науқан аясында үгіт-насихат жұмыстарын жақсы атқардық деп ойлаймын. Жоспарымыз жүзеге асты. Белгіленген меже орындалды. Еліміздің барлық өңіріндегі тұрғындармен келелі кездесулер өткіздік. Бүгін, міне, өз таңдауымды жасап, дауыс бердім.