Қорғаныс министрі саяси науқаннан шет қалмады

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов сайлауға келіп, дауыс берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әскери бөлімдер мен әскери оқу орындарында ұйымдастырылған 21 сайлау учаскесінде Қарулы күштердің мерзімді қызметтегі сарбаздары мен курсанттары дауыс беріп жатыр. Саяси науқанға әскери қызметшілер, белсенді қатысып, өз таңдауын жасады.