Елордада дауыс беріп жатқандардың арасында жастардың үлесі басым
Бұл туралы «Демократия Институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы мәлімдеді. Учаскелердегі белсенділік жоғары, ал сайлау процесі ашық өтіп жатыр, -дейді бақылаушылар.
Үсен Астанқұлов, «Демократия Институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығының өкілі:
- Бәрі келіп, өз еркімен ашық түрде дауыс беріп жатыр. Үлкен адамдардың қатарында жас балалар өте көп. Олар да көрсін, олар да білсін деген ниетпен деп ойлаймын. Сонымен қатар жастар мен қатарлы жастар келіп, дауыс беріп жатыр. Осы нәрсені байқадым.