Қонаев қаласында ардагерлер сайлауға белсенді қатысып жатыр. LIVE
Алматы облысының орталығы – Қонаев қаласында 34 сайлау учаскеcі өз жұмысын бастады. Қариялар ретрокөліктермен қала көшелерін араласа, жастар жағы қатарластарын сайлауға белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алмас Садуақас, тілші:
- Алматы облысында 1 млн жуық адам сайлаушылар тізіміне енгізілген. Тек Қонаев қаласының өзінде 48 мыңға жуық дауыс беруші бар. Учаскелерде 191 кандидаттың сенімді өкілдері тіркелді. Дауыс беруге қала тұрғындары таңнан бері келіп жатыр. Әр сайлау учаскесі саяси науқанды өткізуге толық дайын. Ең алғашқы болып дауыс беруге қаланың құрметті ардагерлері мен қариялар келіп, өз таңдауын жасады. 18 жасқа толған белсенді жастар да дауыс беріп үлгерді.
Сұраншы Мәмеков, зейнеткер:
- Балаларым бар, немерелерім, шөберелім бар. Солар жақсы өмір сүру үшін сол үшін дауыс беріп отырмын.
Гүлім Шайберген, студент:
- Бүгін бірніші рет дауысымды бердім. Сонда да қобалжу үстіндемін. Барлық азаматттарға өз дауыстарын беруге шақырамын, өздерінің таңдауы өздері келіп дауыс беру керек.
Алмас Садуақас, тілші:
- Қала тұрғындары бұл күнді барынша есте қаларлықтай етіп өткізуге атсалысып жатыр. Қаланың құрметті азаматы, ретро-мұражай директоры Мұрат Амантайұлы бастаған ақ әжелер ретрокөліктермен қала көшелерінде жүріп өтіп, сайлау учаскелерін аралады.
Мұрат Сіргебаев, Қонаев қаласының құрметті азаматы:
- Дауысты мен таңғы 7-ден беремін әрқашан да. Адамдардың көңіл күйін көтеріп, апаларымыз бар өлең айтатын. Сондайға үйреніп қалдық. Осындай жақсылықта бәріміз болайық. Жақсылықта осылай көрсетейік.
Алмас Садуақас, тілші:
- Жалпы, Алматы облысы бойынша Парламент Мәжілісіне 23, облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депуттатығына 513 үміткер тіркеліп, саяси додаға қатысып жатыр.
Авторлары: Алмас Садуақас, Аят Дүйсембаев.