Орталық сайлау комиссиясының 14:10-дағы мәліметі
Сағат 14:10-дағы мәлімет бойынша тізімге енгізілген азаматтардың 46,84%-і бюллетень алды.
Яғни, 5 млн 635 мың 462 сайлаушы дауыс берген. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде азаматтардың 50%-тен астамы таңдау жасаған. Әзірге Қостанай облысының тұрғындары, белсенділік танытып алға шықты. Өңірде азаматтардың 62,36%-і таңдау жасап үлгерген. Одан кейінгі орындарды Шығыс Қазақстан мен Жамбыл облыстары тұр. Ал ең төменгі нәтиже Алматы қаласында. Шаһарда, дауыс бергендер саны 15,38%-ті көрсетті.