Р. Рымбаева өз таңдауын жасады
Саяси мәдениет – мемлекет дамуының негізі. Сондықтан кез келген азамат өзінің болашағына бей-жай қарамай, сайлау науқанына белсенді түрде атсалысуы тиіс, - дейді Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева.
Эстрада жұлдызы Алматыдағы №387 сайлау учаскесіне барып6 өз таңдауын жасады. «Әділетті таңдау, саяси жаңғырулар мен қоғамдық жаңарудың басы деп білем. Сондықтан мен барлық саяси науқанға қатысып, өз дауысымды беріп жүрмін. Бүгін ауа райы да тамаша болып тұр. Сондықтан үйдегі шаруаны ысырып қойып, өзім тіркелген сайлау учаскесіне, арнайы келіп отырмын», -дейді.
Роза Рымбаева, Қазақстанның халық әртісі:
- Осы жастарымыз алдағы уақытта барлық күш жігерін, энергиясын, білімін осы біздің Қазақстанымыздың өсіп өркендеуіне еңбек етсе екен деп, сондай сенімменен біз дауыс беріп жатырмыз. Мен ойлаймын, халқымыз бүгінгі көзқарас емес, болашағымызды ойлау үшін міндетті түрде атсалысу керек. Өзінің сенімді білетін, жақсы былай байқап жүрген азаматтарды міндетті түрде қолдау керек.