Халықаралық сарапшылар Қазақстандағы сайлауды жіті қадағалап отыр
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қысқамерзімді миссиясын Ұйымның Парламенттік ассамблеясының вице-президенті Ирини Харалампиди бастап келді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның айтуынша, Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының арасында жақын қарым-қатынас орнаған.
Ирини Харалампиди, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының вице-президенті:
- Қазақстанға алғаш рет келдім. Бірақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сарапшылары осында өтіп жатқан барлық сайлауға қатысып, бақылап келеді. Біздің ұйым мен сіздің елдің арасында тығыз байланыс орнаған. Бүгін – өте маңызды күн. Біздің байқаушылар барлық учаскелерге бекітілген. Қолайсыз ауа райына қарамастан көп адамның дауыс беріп жатқанын көріп тұрмын.