Енді нәтиже күтеміз – Бір апта бұрын 18 жасқа толған жігіт дауыс берді

Осыдан бір апта бұрын 18 жасқа толған жезқазғандық Ерсұлтан Ахмет алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады.

Ол Жезқазған музыкалық колледжінде «халық әні» мамандығы бойынша тәлім алады. «Бұл мен үшін есте қаларлық ерекше күн» дейді жас сайлаушы. Жалпы Жезқазған қаласы бойынша Ерсұлтан секілді 206 жас алғаш рет сайлауға қатысып, дауыс берген.

Ерсұлтан Ахмет, қала тұрғыны:

- Өзім үшін және де отбасымның болашағы үшін, еліміздің ынтымағы мен тыныштығы үшін, бірлігі үшін даусымды бердім. Енді нәтиже күтеміз.