Ақтөбеде exit poll бойынша сауалнама жүргізілді

Ақтөбеде Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауына қатысушылар арасында экзит пул қызметі сауалнама жүргізуде.

Олар саяси науқан кезінде таңдау жасағандардың пікірін біліп жүр. Сайлау учаскелері ашылған сәттен бастап қызметке кіріскен сауалнама жүргізушілер әрбір дауыс берушінің жауабы маңызды дейді. Бүгін Ақтөбе облысы бойынша 525 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

Самал Жошиева, "Демократия институты" ғылыми-зерттеу ассоциациясының мүшесі:

- Сайлау учаскелерінде біз таңғы сағат 07:00-ден кешкі 19:00-ге дейін 40 адамнан сайлау сұрақ алуымыз керек. Әрбір бесінші адамнан аламыз. Сұрақтар негізінде қандай мәслихатқа депутаттыққа сайладыңыз? Қандай партияны таңдадыңыз? деген сияқты сұрақтар қойылады. Негізгі зерттеу бүгінгі 19 наурыздан 20 наурызға қараған түңгі сағат 12:00-де шығады.