Сайлаушылардың 54,09% дауыс берді
Елдегі сайлаушылардың тең жартысынан астамы дауыс берді.
Бақыт Топтаева, тілші:
- Орталық сайлау комиссиясы жариялаған мәліметке сүйенсек, Астана уақытымен сағат 20:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 54,09% проценті дауыс берді. Яғни 6 млн 509 мыңнан астам сайлаушы бюллетень алып, қалаған кандидатын белгілеп дауыс беру жәшігіне түсірді.
Тұрғындары белсенділік танытқан аймақтардың қатарында бүған дейін де хабарлағанымыздай, Қостанай, Жамбыл және Қызылорда облыстары тұр.
Жамбыл 65,21%
Қостанай 65,1%
Кызылорда 66,46 % сайлаушы дауыс берді.
Жалпы он жеті облыстағы сайлаушылардың тең жарымынан астамы таңдау жасады.
Еліміздің үш мегаполисіндегі ахуалға тоқталсам:
- Астанада сайлаушылардың дерлік 43%
- Алматыда 25,82 %,
- Шымкентте 45,46% і өз таңдауын жасады. Белсенділігі төмен электорат бұрынғыдай Алматы шаһарында тіркеліп отыр.
Еліміздегі бес өңірде дауыс беру жалғасып жатыр. Осы сағатың соңында онда учаскелер де жабылады. Сайлауға қатысудың белсенділігі туралы тың ақпарат Астана уақытымен сағат 22:00де жария болады.