Тәуелсіз байқаушылар: Заң бұзу болған жоқ
Тұрғындардың сайлау кезіндегі ынта-ықыласына тәнті болдым.
Дауыс беру учаскелерін аралап көрген, АҚШ-тан келген байқаушы Ричард Уильям Вейтц осындай пікір білдірді. Мәртебелі мейман түске дейін Алматы қаласындағы 12 сайлау учаскесінде болғанын айтты. Онымен бірге Қазақстанға Тәуелсіз байқаушылар миссиясынан тағы үш адам келген. Олар Астанада жұмыс істеуде. Сайлауды бақылау әрі бағалау маңызды,-дейді маман. Ричард Уильям Вейтц өзі болған учаскелерде ешқандай заң бұзушылықты байқамағанын айтты.
Ричард Уильям Вейтц, тәуелсіз байқаушылар миссиясының мүшесі /АҚШ/:
- Осындай саяси кезеңде АҚШ өкілдерінің Қазақстанда болуы екі ел арасындағы қарым-қатынастың маңызды екенін дәлелдейді. Қазақстанның Орталық Азиядағы орны да ерекше. Бүгін сайлау учаскелерінде нені байқадым? Дауыс берушілердің көбі үлкен адамдар болды. Жастар асықпай келді.