Сайлауды ЕҚЫҰ-ның 350-ден астам бақылаушысы қадағалады
Еліміздегі бес өңірде дауыс беру жалғасып жатыр.
Осы сағатың соңында онда учаскелер де жабылады. Сайлауға қатысудың белсенділігі туралы тың ақпарат Астана уақытымен сағат 22:00-де жария болады.
Еліміздегі сайлауды Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы да бақылады. Делегация басшысы Оуэн Мёрфидің айтуынша, саяси шараны беделді ұйымның 350-ден аса өкілі қадағалады. Жалпы халықаралық құрылымның миссиясы жұмысын ақпан айында бастаған. Ол кезде 16 топтан тұратын ұзақ мерзімді бақылаушылар келген. Ұйым сайлауға қатысты жұмысының қорытындысын ертең БАҚ өкілдерімен кездесуде жариялайды.