Халықаралық байқаушылар өңірлерді аралады
Халықаралық байқаушылар өңірлерді де аралады.
Атап айтқанда, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдері Ақтөбе облысына барған. Жалпы саны 20 шетел азаматы аймақтағы саяси науқанды өту барысын қадағалады.
Ганс Шнайдер, ЕҚЫҰ байқаушысы:
- Біз сайлаудың барлық кезеңін қамтимыз. Тек сайлау учаскелерін аралап қана қоймай, дауыс санау процесіне ықпал етпей байқау да жоспарда бар. Сайлау учаскелері ашылғанан бастап, кешке дейін байқаушы міндетін атқарамыз.