Ақмола облысындағы сайлау барысын мыңдаған байқаушы бақылады
Олардың 1 жарым мыңға жуығы қоғамдық байқаушылар коалициясының өкілі.
Мамандар аймақтағы сайлау учаскесінің барлығында жұмыс істеді. Айтуыларынша, саяси науқан барысында ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ.
Байқаушылардың басты міндеті – заң бұзушылыққа жол бермеу. Оларға осы бағытта жан-жақты ақпарат берілген. Байқаушыларың 12 құқығы мен жеті міндеттемесі бар. Сондай-ақ, тиым салынған 4 әрекеті де бар. Тиісті заңдарды толық меңгерту мақсатында аймақта арнайы оқу дәрістері ұйымдастырылған.
Ерлан Зәкириянов, "Дауыс" қоғамдық байқаушылар коалициясы облыстық филиалының төрағасы:
- Біз 20 өңірге барып, байқаушыларды үйреттік. Қолымда мынадай блокнот бар. Әр байқаушыға осы жерде жазылған өздерінің құқытары мен міндеттері бар. Неге шектелгендеріне дейін жазылған. Ең алдымен Ата Заң, одан кейін сайлау заңы. Осы заңдарға сүйене отырып байқаушылар заңға қайшылық жасамау керек.
Жалпы, ақмолалықтардың осы саяси науқаннан күтері мол. Реформалық өзгерістер аймақтың дамуына оң әсер етсе екен деген ниетте. Сондықтан сайлау барысында барынша белсенділік танытқандарын жасырмайды.
Бахтияр Төлеубай, қала тұрғыны:
- Сайлаудан оң өзгерістер күтемін. Себебі мажоритарлы режиге көшіп отырмыз. Бір мандаттық депуттар келетін болса, партияның атынан емес халықтың атынан келетін депутаттар деп ойлаймын өз басым. Алдағы уақытта Жаңа Қазақстанды жаңа партиялардың мақсат міндеттеріне, депутаттарымыз халықтың үнін жоғары жаққа жеткізеді деп ойлаймыз.
Көкшетауда бүгін саяси науқанға байланысты қоғамдық көліктер тегін қатынады. Олар таңғы 07:00-ден кешкі 17:00-ге дейін халыққа қызмет көрсетті. Осылайша жергілікті тұрғындардың дауыс беріп, өз таңдауын жасауына барлық қолайлы жағдай жасалды.
Абзал Азаматұлы, Евгений Шикоренко