Көкшетауда еңбек ардагерінің үйден дауыс беруіне мүмкіндік жасалды

Ақмола облысында 517 мыңнан астам адам дауыс беруге құқылы.

Соның екі жарым мыңы алғаш рет өз таңдауын жасады. Барлығы 728 дауыс беру учаскесі болса, оның 28-і көшпелі. Жалпы үйде дауыс беретіндер саны үш мыңнан асып жығалады. Олардың қатарында зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Сайлау комиссиясының мүшелері осы санаттағы тұрғындардың үйіне арнайы барып, сайлау жәшігін жеткізді.

Александр Нартов, еңбек ардагері:

- Мен сайлаудан қалыс қалған жан емеспін. Әркез халықпен бірге өз таңдауымды жасаймын. Бұл саяси науқанның мәні мен маңызы зор. Әсіресе жаңа өзгерістер болашақ ұрпақ үшін керек. Сондықтан әр адам дауыс беруге міндетті.