Мәжіліс сайлауы ықпалды Парламенттің қалыптасуына жол ашады
Бүгінгі Мәжіліс сайлауы ықпалды Парламенттің қалыптасуына жол ашады.
Таңсәріден дауыс беруге келген Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев осындай пікірде. Себебі 2004 жылдан кейін алғаш рет аралас сайлау жүйесіне қайта көшіп отырмыз. Яғни үміткерлерге партиялар мен Үкіметтік емес ұйымдар атынан ғана емес, өзін- өзі ұсынуға мүмкіндік берілді. Демократиялық елдердің көбінде қолданылатын осы сайлау жүйесі тиімді әдістердің бірі саналады. Бұл заң шығарушы биліктің жұмысын ширатып, ел экономикасының дамуына тікелей септігін тигізеді.
Ақылбек Күрішбаев, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры:
- Бұрын текқана партиялық тізіммен келетін Парламентке. Ал енді партияда жоқ азаматтарымыз бар ғой. Олар қалай болады? Қалай сайланады? Сондықтн 30 пайыз соларға беріліп отыр. Партияға кірмейтін азаматтар өздерін өздері ұсынып қазір осылай Парламентке келеді. Меніңше енді осы жүйемен келетін болсақ қазір көптеген мықты азаматтарымыз, елден шыққан азаматтарымыз сол Парламентке келетін болады.