19 наурыз күнгі сайлау – ел болашағын айқындайтын маңызды науқан
Бүгінгі сайлау – ел болашағын айқындайтын маңызды науқан.
Сондықтан оның мәні де, маңызы да зор. Еліміздің әр аймағында электоралды процеске атсалысқан түрлі сала өкілдері осындай пікір білдірді. Алғаш рет аралас жүйе бойынша өткен сайлау - Қазақстанды әлемге демократиялық ел ретінде тағы бір мәрте танытты.
Бақтыбай Жайлау, қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы /Ақтау/:
Бұл жолғы сайлаудың ерекшілігі - өзін-өзі ұсыну арқылы түсіп жатқан кандидаттардың белсенділігінен де байқалады. Кейбір жерде бәріне де қарсымын деген дауысты таңдадым. Мұндай мүмкіндіктің берілгені бізді қуантады. Осындай таңдау мүмкіндігінің көбеюі арқылы біз демократияға қадам басамыз деп есептеймін.
Гүлзәт Қосшығұлова, М. Қозыбаев атындағы университеттің оқытушысы /Петропавл/:
- Тұңғыш рет биыл ашылған екі партия қосылып жатыр. Яғни осы жылы басқа сайлауларға қарағанда шынымен ерекше бір сезім өзімде бар. Жастардың арасында жаңа бір толқынның пайда болғанын өзім сезіп тұрмын. Жан-жақты даму керек. Жаңа көзқарасты қажет ететін салалардың бірі ол- білім саласы әрине. Денсаулық сақтау, мәдениет саласы, спорт болсын барлық салалар даму керек.
Айдарбек Әмірбек, саясаттанушы / Түркістан/:
- Өзін өзі ұсынған кандидаттардың бірінші қадамы – олар өздері белсенді саясатқа қатысып, өздері нақты шешімдер қабылдап, бұрын тек қана партияның тізімімен өтетін болса, бұдан кейін өздері саяси билік құрылымдарында белсенді атсалысып, жергілікті деңгейде халықтың мәселесін шешуге толық күш-жігерін салады деген ең негізгі бір ерекшелігі болса керек.