Exit poll: алғашқы қорытынды жарияланды
Экзит пулдың алғашқы қорытындылары жарияланды.
Еуразиялық интеграция институты еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында сауалнама жүргізген. Оған 30 мың сайлаушы қатысТЫ. Оның қорытындысы бойынша респондеттердің 53,46%-ы «Amanat» партиясына дауыс берген. «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясын сайлаушылардың 10,52%-ы таңдаған. Ал «Respublica» болса - 8,90% дауыс жинаған. азаматтардың- 6,25% Қазақстан Халық партиясына , сайлаушылардың 3,22%-ы «Байтақ» жасылдар партиясын таңдаған. «Ақ жол» демократиялық партиясы болса - 7,87% дауыс жинаған. Сондай-ақ, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 5,31% сайлаушылардың таңдауына іліккен. Ал дауыс беруге қатысқандардың 4,47%-ы бәріне қарсымын деп таңдау жасаған. Айта кету керек, сайлаудың нақты қорытындысын орталық сайлау комиссиясы 7 күн ішінде жариялайтын болады.
EXIT POLL: «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығының мәліметі
Ал «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығының мәліметі бойынша таңертеңнен бері 300 сайлау учаскесінде сауаланама жүргізілді. Оған барлығы 12 мың сайлаушы қатысты. Exit poll: қорытындысы бойынша респонденттердің 53,33 пайызы «AMANAT» партиясына дауыс берген. 11,26 пайыз «Ауыл» партиясын таңдаған. «Respublica» партиясы – 8,33 пайыз дауыс жинады. Ал Қазақстан халық партиясы - 6,93 пайыз. Сондай-ақ, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы - 2,51 пайыз дауыс. «Ақ жол» партиясы сайлаушылардың 8,87 пайызы дауыс берді. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 5,12 пайыз дауыс.
EXIT POLL: Кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының нәтижесі
Сондай-ақ «СОЦИС-А» Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты өздері жүргізген Exit poll нәтижесін жариялады. Мұнда сайлаушыларға "қай партияға дауыс бердіңіз" деген сұрақ қойылды. Сауалнамаға қатысқандардың 54,42%-ы "Аманат" партиясын таңдағанын айтқан. "Ауыл" партиясын - 10,21%, ал Respublica партиясын - 8,79% сайлаушы таңдады. "Ак жол" партиясы болса - 8,21% Қазақстан халық партиясы – 6,89%, ЖСДП партиясына 4,91%-ға дауыс берді. "Байтаққа" 2,17% дауыс берсе, 4,40% сайлаушы бәріне қарсы деген бағанды таңдаған.
EXIT POLL: Еуразиялық интеграция институты
"Amanat" партиясы - 53,46%
"Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 10,52%
"Respublica" партиясы - 8,90%
Қазақстан Халық партиясы - 6,25%
Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы - 3,22%
"Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы - 7,87%
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 5,31%
Бәріне қарсымын - 4,47%
(( EXIT POLL: "ДЕМОКРАТИЯ ИНСТИТУТЫ" ғылыми-зерттеу қауымдастығы
"Amanat" партиясы – 53,33%
"Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 11,26%
"Respublica" партиясы – 8,33%
Қазақстан Халық партиясы -6,93 %
Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы – 2,51%
"Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы -8,87 %
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,12%
Бәріне қарсымын – 3,65%
EXIT POLL: "СОЦИС-А" кешенді әлеуметтік зерттеулер институты
Amanat партиясы - 54,42%
"Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 10,21%
"Respublica" партиясы - 8,79%
"Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы - 8,21%
Қазақстан Халық партиясы - 6,89%
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 4,91%
Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы - 2,17%
Бәріне қарсымын - 4,40%