Қ.Тоқаевтың атына Наурыз мерекесіне орай шетел басшыларынан құттықтаулар келіп жатыр

Мемлекет басшысының атына Наурыз мерекесіне орай шетел басшыларынан құттықтаулар келіп жатыр.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин құттықтау жеделхатында Қазақстан халқына бақ-береке, ал Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыс тіледі. Ал АҚШ Президенті Джо Байден халқымызды Наурыз мейрамымен және Рамазан айының басталуымен құттықтады. Президентке жолдаған хатында ол "Қазақстанның жарқын болашағын және елде тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін Сіздің саяси және экономикалық реформаларыңызды Америка Құрама Штаттары әрдайым қолдайтынын растаймын" деп жазды.