Түркиядағы БАҚ еліміздегі сайлау қорытындысы туралы жазды
Біздің елде өткен сайлауға өзге елдер де көз тігіп отырды.
Түркияның жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары экзит пулл нәтижелерін жарыса жариялады. Саяси сарапшы Якуп Өмероғлұның айтуынша, кез келген сайлау- демократияның негізгі нышаны. Қазақстанда соңғы жылдары саяси реформалар жасалды. Бұл билікпен халықтың арасын жақындатып, ашық қоғам құруға негіз болмақ.
Якуп Өмероғлұ, Саяси сарапшы:
- Қазақстанда сайлаудың тыныш, жоғарғы демократия қағидаттарына сай өткеніне қуандық. Көп партияның үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, оң нәтиже көрсеткені орынды. Және Парламенттен бірнеше партияның төбе көрсетуі мүмкін. Бұл қоғамның ашықтығын, таңдау мүмкіндігінің жоғары болуының айғағы.