Б.Базарбек: Үгіт-насихат сәтті өтті
Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Бақытжан Базарбек үгіт-насихат кезеңінде бес мыңнан астам сайлаушымен кездесті.
Бұл туралы ол бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Базарбек мегаполистегі бесінші бір мандатты сайлау округінен додаға түсті. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы тұрғын үй құрылысының проблемалық мәселелерін шешуге, сондай-ақ жеке меншікке заңсыз берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға негізделген. Бақытжан Базарбек жер қатынастары бойынша кәсіби заңгер. Оның заңсыз құрылысқа қатысты бірнеше істері сотта нәтижелі аяқталды.
Бақытжан Базарбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат:
- Біз заңгерміз, кәсіби заңгерміз. Біз оның шешу жолын білеміз ол тек қана сәулет қала құрылыс туралы заңның нормаларына, жер кодексінің нормаларына тиісті өзгерістерді енгізу. Сол өзгерістерді енгізе отырып біз мына заңсыз құрылыстың алдын ала аламыз.