Кандидат Ерлан Стамбеков сайлаушыларға алғыс айтты
Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Ерлан Стамбеков өзіне сенім білдерген сайлаушыларға алғыс айтты.
Алматыда баспасөз жиынын ұйымдастырған үміткер - егер жеңіске жетіп жатса үгіт-насихат кезінде айтылған бастамаларын орындауға бар күшін салатынын жеткізді. Ерлан Стамбековтың айтуынша, тәуелсіз байқаушылар берген мәлімет бойынша оған 15-16 мың адам дауыс берген. Үміткер Алматыдағы экологиялық және денсаулық сақтау саласындағы проблемаларын шешіп, қаланың дамуына бар күшін салатынын жеткізді. Ерлан Стамбеков саяси додаға Алматыдағы 4-ші бір мандатты сайлау округінен қатысты.
Ерлан Стамбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат:
- Өкінішке орай, Алматы тұрғындары сайлау кезінде белсенділік таныта қойған жоқ. Дауыс берушілердің үлесі 25-30 пайыз болатынында білдік. Тіпті үгіт-насихат кезінде кездесуге 2 адам ғана келген сәтте болды. Дегенмен, өзімнің сайлауалды бағдарламамды толық түсіндіріп, тұрғындарды сайлаудан тыс қалмауға шақырдым.