ҚХП: Өзге партиялармен бірлесіп жұмыс атқаруға дайынбыз
Қазақстан Халық партиясы Мәжіліс пен мәслихаттардың жаңа құрамындағы өзге партиялармен және өзін өзі ұсынушылармен бірлескен жұмысқа дайын екенін мәлімдеді.
Өткен сайлауда партиялар мен кандидаттарға тең мүмкіндік берілгеніне тоқталып, саяси жүйені жаңғырту бастамасын қолдайтындарын жеткізді. Сондай-ақ сайлаушылар қолдауына риясыз алғыс білдіріп, сенімге селкеу салмас үшін табанды еңбек етеміз деп жазды партия өкілдері өзінің ресми сайтында.