Сайлау күні 40 заң бұзушылық тіркелді
Сайлау күні 40 заң бұзушылық тіркелді.
Бас прокуратураның мәліметі бойынша 17 тұлға басқа адамға дауыс бергені үшін жауапкершілікке тартылды. Осы заң бұзушылықтардың төртеуі учаскелік комиссия мүшелерінің тарапынан болған. Дауыс беруге өзге адамның бюллетенін берген тағы 18 комиссия мүшесі анықталды. Заң бұзғандардың бәрі жазаланды. Қазір құзырлы органдар интернетте шығып жатқан заңбұзушылықтарға мониторинг жүргізіп жатыр. Алайда әлеуметтік желіде сайлау жайлы жалған материалдар да шыққаны мәлім болды. Бас прокуратура өкілдері, азаматтарды жалған ақпарат таратпауға шақырды.
Азамат Сарғазин, ҚР Бас прокуратура өкілі:
- Әлеуметтік желіде жасанды резонанс тудыру мақсатында түрлі жалған материалдарды кеше өткен сайлаумен байланыстырып, таратылуы жиіленіп кеткендігі де байқалып отыр. Олардың ішінде елден тыс жерде, яғни басқа мемлекетте орын алған оқиғалар бар. БАҚ немесе телекоммуникация желілері арқылы қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін тудыратын көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК қылмыстық жуапкершілігі көзделгенін естеріңізге салайын.