Қайрат Лама Шариф Египеттегі елшілікке жиналғандарды мерекемен құттықтады

Мысырдағы отандастарымыз да Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурыз мерекесін атап өтті.

Салтанатты шара Каир қаласында Қазақстан елшілігінде тойланды. Еліміздің дипломатиялық өкілдігінің басшысы Қайрат Лама Шариф жиналғандарды ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Дастархан жайылып, жұрт наурыз көжеден дәм татты. Қазақы дәстүр бойынша бүлдіршіннің тұсауы кесілді. Жастарымыз қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, өзара күш сынасты.