Қырғызстан сарапшылары Қазақстанда өткен сайлауға оң баға берді
Саяси жүйені тиімді жаңарту және сайлаудағы бәсекені күшейту. Жақында Қазақстанда өткен Парламент Мәжілісіне және мәслихаттарына депутаттарды сайлауды жіті бақылаған Қырғызстан саясаттанушылары аталған 2 трендті басты бағыт деп атады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ұтымды әрі кезең-кезеңімен. Қырғызстан сарапшылары Қазақстандағы сайлау циклын осылай сипаттады. Саяси жүйені жаңартудың соңғы кезеңі Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы болды. Саясаттанушылар бұл билік транформациясының логикалық түйіні деп бағалады.
Бақыт Бекетаев, саясаттанушы:
- Реформаны барлық салада бір мезетте жүргізу мүмкін емес. Сондықтан алдымен Президенттік, сосын Парламенттік сайлау өтті. Менің ойымша, бұл тұста реформаларды біртіндеп іске асыру принципі басшылыққа алынды. Сонда оның берері де көп болады.
Сарапшыларды Қазақстанның сайлау жүйесіндегі өзгерістер қызықтырды. Мәжілісті бір мандатты округтер және партиялық тізім бойынша жасақтау қазіргі Қазақстанның саяси тұғырнамасының ерекшелігі болды. 7 партияның алтауының Мәжіліске өтуі – сол өзгешеліктің бірегейі, - дейді қырғыз сарапшылары.
Табылды Акеров, саясаттанушы:
- Сайлауға қатысқан 7 партияның біреуі ғана 5 проценттік межені бағындыра алмады. Сонда да Парламентте саяси партиялар қатары көбейді, демек бұл әралуан және қызу пікірталас болады деген сөз.
һСарапшылар Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының жоғары кәсібилігін де айрықша атап өтті. Олар демократиялық үдерістердің табысты болуы сайлаудың ашықтығы мен нәтиженің әділдігіне тікелей байланысты деп түйіндейді.
Авторлары: Мақпал Сержанқызы, Бақыт Чермашев.