Қ. Тоқаев: Туризмнің әлеуеті зор

Президент туризмді дамыту мәселесіне Үкімет және Парламент баса назар аударуы керектігін айтты.

Қазақстандық туризмнің әлеуеті зор әрі көрікті жерлердің көптігін айта келіп, Қасым-Жомарт Тоқаев жұрттың әлі де ол жерлерге барып демалуына қолы жете бермейтініне тоқталды. Сондықтан туризм саласына тың серпін беру үшін алдымен инфрақұрылым мәселесін кешенді түрде шешіп, қызмет сапасын түбегейлі жақсарту қажет. Жалпы, туризмнің болашағы зор екеніне кәсіпкерлердің көзі жетуі тиіс, - деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сол үшін қажетті жағдайды жасаған жөн. Осы салаға салынған жеке инвестицияның көлемі іштен және сырттан келген туристердің санын неғұрлым көп болса, жұмыстың нәтижесі де соғұрлым тиімді болады. Жалпы, орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау саясаты мемлекетіміздің ұзақ мерзімге арналған тұрақты стратегиясына айналуы керек.