Елімізде жаңа Үкімет құрамы жасақталды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаңа Үкімет құрамы жасақталды.

Әлихан Смайылов басқаратын министрлер кабинетінде Мұрат Нұртілеу Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі қызметін атқаратын болды. Ол бұған дейінгі Президент Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды. Президент Жарлығымен Алмасадам Сәтқалиев Энергетика министрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорын басқарып келді. Ал өзге ведомстволардың басшылары өз қызметтеріне қайта тағайындалды.

ГРАФИКА:

ҚР ҮКІМЕТІНІҢ ҚҰРАМЫ

Әлихан Смайылов - Премьер-министр

Роман Скляр – Премьер-министрдің бірінші орынбасары

Алтай Көлгінов – Премьер-министрдің орынбасары

Ғалымжан Қойшыбаев - Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы

Ерұлан Жамаубаев – Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі

Серік Жұманғарин - Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі

Мұрат Нұртілеу – Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі

Руслан Жақсылықов – Қорғаныс министрі

Марат Ахметжанов – Ішкі істер министрі

Саясат Нұрбек – Ғылым және жоғары білім министрі

Ажар Ғиният – Денсаулық сақтау министрі

Дархан Қыдырәлі – Ақпарат және қоғамдық даму министрі

Тамара Дүйсенова – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Алмасадам Сәтқалиев - Энергетика министрі

Әлібек Қуантыров – Ұлттық экономика министрі

Асхат Оралов – Мәдениет және спорт министрі

Ғани Бейсембаев – Оқу-ағарту министрі

Азамат Есқараев – Әділет министрі

Юрий Ильин – Төтенше жағдайлар министрі

Марат Қарабаев – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

Бағдат Мусин – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Зүлфия Сүлейменова – Экология және табиғи ресурстар министрі

Ербол Қарашөкеев – Ауыл шаруашылығы министрі

Айта кетейік, бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды іске асыру жөніндегі шаралар талқыланды.