Сенаторлар сарбаздармен кездесті
Сенат депутаттары елордадағы Ұлттық ұланның 5573 әскери бөліміне барып, сарбаздармен жүздесті.
Кездесуде жауынгерлік құраманың қызметімен, дайындығы және материалдық-техникалық жағдайымен танысты. Қазір мемлекет басшысының тапсырмасымен әскери бөлімді жетілдіру жұмыстары жүріп жатыр. Депутаттармен кездесуде саладағы өзекті мәселелер көтерілді.
Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Бүгінгі күні қоғамдық қауіпсіздігімізді, қоғамдық тәртіпті сақтауда Ұлттық Ұланның алатын орыны ерекше. Қазір біз олардың материалды-техникалық базасын, әскери құрамның сапасын көріп жатырмыз. Оның үстіне үлгі алатын әскери бөлім ретінде қарауымыз керек. Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін бірден бір бөлімше деп ойлаймын.