2023 жылы елордада 6,5 мың әлеуметтік пәтер салынады
Биыл елордада 6,5 мың әлеуметтік пәтер салынады. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 90 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 24 мектептің де құрылысы қаралып жатыр. Бұл жайында Президент қабылдауында болған Астана әкімі Жеңіс Қасымбек айтты.
Оның айтуынша, бірінші тоқсанда елордаға 200 млрд теңге инвестиция құйылған. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20% көп. Қасым-Жомарт Тоқаев қала тіршілігін қамтамасыз ететін шаруашылық жұмыстарымен де танысты. Жеңіс Қасымбек апатты жағдайдағы ескі үйлерді сүру, тұрғын үй алаптарын дамыту, үлескерлік құрылыс нысандарын аяқтау барысы туралы баяндады. Қалаға газ тарту жайынан да хабардар етті. Президент Астананы сумен және жылумен қамтамасыз ету нысандарының құрылысын тез арада аяқтауды тапсырды. Әрі елорда тұрғындарының өзекті мәселелерін шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:
- Жылдың басынан бірінші тоқсанда жалпы экономиканың әрбір сала бойынша өсім бар. Оң динамика, оның үстіне қалаға келген инвестициялар көлемі былтырмен салыстырғанда 20 процентке өсуін көрсетіп отыр және Мемлекет басшысына инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылым бойынша есеп берілді.