Қазақстанға Әзербайжан президенті ресми сапармен келеді
10 сәуір күні Қазақстанға Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бауырлас мемлекеттің басшысын Қасым-Жомарт Тоқаев шақырған болатын. Президенттер Астанада шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланады.