Президент инфляциямен күресті күшейту мәселесіне тоқталды
Еліміз кейінгі 15 жылда болмаған қымбатшылыққа тап болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағасының шарықтауынан тұрғындардың басым бөлігі табысының көбін күнделікті тұтыну тағамына жұмсап отырғанын айтты. Инфляцияға қарсы Үкіметтің әрекеті жеткіліксіз. Ауыл шаруашылығы мен өндірістің дамуы нәтижесіз. Импортқа тәуелділік те жағдайды қиындатып отыр. Мемлекет басшысы отандық тауар өндірісін арттырып, тұрақтандыру қорларының әлеуетін дұрыс пайдалануға шақырды. Олардың жұмысын біріздендіру қажет.