Қ. Тоқаев: «Тұтынудың әлеуметтік нормасын» енгізу керек
Монополистердің міндеттері цифрлық бақылауға алынады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Президент жұрт коммуналдық қызмет үшін төлеген ақшасы қайда кетіп жатқанын көріп отыруы керек деді. Үкіметке қаржының жұмсалуын бақылайтын қатаң амал-тәсілдерді енгізуді тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев жанар-жағармай бағасын көтеру мәселесіне де осылай қарау қажеттігін атап өтті. Түскен қаржыны алып-сатарлардың иемденуіне бермей, жаңа мұнай-газ жобаларын жүзеге асыруға және мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуға жұмсау керек. Осы себепті Үкіметке, мұнай өнімдерінің бағасын қайта қарау кезінде мемлекетке төленетін салықты арттыру жөнінде қосымша шаралар қабылдауды міндеттеді. Тариф саясаты бойынша тауарлар мен қызметтерді реттейтін «тұтынудың, әлеуметтік нормасын» енгізу мәселесін пысықтауды тапсырды.