Мемлекет басшысы: Ұлттық қор – болашақ ұрпақтың қаржысы
Ұлттық қорға жармаса беруді доғару қажет. Мемлекет басшысы Үкіметке тағы бір ескерту айтты.
Президент ұлттық қор – болашақ ұрпақтың қаржысы, оны дағдарыс кездерінде ғана жұмсау керек деді. Ал қазір әлеуметтік нысандарға инвестиция тарту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік пен жан басына қаржыландыру институтын толық пайдалану керек. Президент экономиканы монополиядан арылту ісін жалғастыруды міндеттеді. Бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесі жаман емес. Бірақ мұнымен шектелуге болмайды, - деді. Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз шығарылған активтерді қайтару, әділеттілікті қалпына келтіру, адал бәсекелестікке жағдай жасау, уақытша міндет емес, керісінше, жаңа экономикалық саясаттың басты қағидаттары екенін атады.